«Омикрон» салдарынан кісі өлімі көбейеді – ДДСҰ

15 Желтоқсан 2021, 11:35
1227
Бөлісу:
«Омикрон» салдарынан кісі өлімі көбейеді – ДДСҰ

  Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «омикрон» штамына байланысты ауруханаға жатқызу жағдайларының өсуі күтіліп отырғанын мәлімдеді. 

Бұл болжам SARS-CoV-2 жаңа мутациясының белсенді таралуымен байланысты. 

Сондай-ақ ДДҰ мамандары инфекцияның салдарынан көз жұму санының көбеюіне болжам жасайды. Бұл ретте, халықаралық сарапшылар барлық клиникалық жағдайды түсіну үшін объективті талдамалық деректер қажет екенін атап өтті. ДДҰ алдағы апталарда «омикрон» туралы нақты әрі ауқымды ақпарат күтеді. 

Коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны жасаушылар Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы келесі жылдың қаңтарында Ресейдің «Спутник V» вакцинасын мақұлдау аясында ДДҰ делегациясының келуін күтуде. Бұл туралы Орталық басшысының орынбасары Денис Логунов мәлімдеді. 

«Спутник V» препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі әлемнің көптеген елдеріндегі клиникалық сынақтармен және нақты деректермен расталғаны белгілі. «Спутник V» вакцинасын пайдалану 71 мемлекетте мақұлданды, - деп атап өтті өз кезегінде РТИҚ басшысы Кирилл Дмитриев. Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК

Өзгелердің жаңалығы