Омикрон қазір балаларды таңдап жатыр - маман

16 Ақпан 2022, 13:14
1567
Бөлісу:
Омикрон қазір балаларды таңдап жатыр - маман

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы балалар неврологиясы, реабитология, сәулелік диагностика маманы Әсия Ризванова "Experts Hub Kazakhstan" ұйымдастырған брифинг барысында айтты. 

«Омикрон» қазір балаларды таңдап жатыр. Статистика бойынша сандар да оны дәлелдеп отыр. Егер коронаврустың осыған дейінгі штамдары балаларға жұғу бойынша 1-3 пайызды құраса, қазіргі «Омикрон» штамы 10-15 пайызды құрап отыр. Осыған дейін жеңіл түрімен ауырған балалар 60-65 пайызды құраса, қазір бұл пайызды орташа деңгейдегі ауыруды құрап отыр. Сәйкесінше, осыған дейін 0,1 пайыз болатын асқынулар да артты, - деді ол. 

Ризванова атап өткендей, осыған дейін балалардың иммунитеті вирусты организмге жібермейтіні айтылған. 

 

Өзгелердің жаңалығы