Омикрон. Қай өңірлерде індет өршіп тұр?

12 Қаңтар 2022, 11:38
1182
Бөлісу:
Омикрон. Қай өңірлерде індет өршіп тұр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, соңғы 2 апта ішінде коронавирус инфекциясы 12  өңірде 2,8 есе өскен. 

Бұл ретте соңғы аптада ауру Нұр-Сұлтан қаласында 9,9 есе, Шымкент қаласында 3,7 есе, Алматы қаласында 2,0 есе көбейді. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы коронавирустың «Омикрон» түрінің анықталуына тікелей байланысты, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар генетикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша қаңтардың басында «Омикрон» Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында анықталғанын алға тартты.

«Омикронның» ерекшеліктері – ауру жылдам жұғады. Қайта жұқтыру қаупі де жоғары. «Омикрон» жоғарғы тыныс алу жолдарында «Дельтаға» қарағанда 70 есе жылдам көбейеді, - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Еліміздің бас дәрігері халықты вакцинация мен ревакцинация алуға шақырды. Алдын ала жүргізілген зерттеулерге сәйкес, ревакцинация ауру ағымының ауыр өтуінен, ауруханаға түсіп қалудан және өлімнен 70%-ға дейін қорғайды деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы