Омикрон. Індет жұқтыру рекордтық көрсеткішке жетті

7 Ақпан 2022, 15:34
1556
Бөлісу:
Омикрон. Індет жұқтыру рекордтық көрсеткішке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, жаңа штамм – «Омикронның» басты ерекшелігі – вирустың тез таралуында. 

«Омикрон» қаламызда анықталған сәттен бастап, яғни қаңтар айының басынан 7 ақпанға дейін барлығы 83 067 жағдай тіркелді. Бұл пандемия кезіндегі рекордтық айлық көрсеткіш. Алайда пациенттерді стационарларға жатқызу айтарлықтай қалыпты. Бұл, ең алдымен, вакцинацияланған тұрғындар мен қайта ауырып шыққан, яғни иммунитеті бар адамдардың пайыздық көрсеткішінің көп болуына байланысты. Қазір олар бұл толқыннан оңай өтуде, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Дегенмен, бас қаланың санитар дәрігері тұрғындарға жауапкершілік танытып, мұқият болуды тапсырды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ол астанада эпидемиологиялық ахуалдың шиеленісіп тұрғанын ескерткен еді. 

Өзгелердің жаңалығы