Омикрон. Елордада эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады

10 Қаңтар 2022, 13:34
1227
Бөлісу:
Омикрон. Елордада эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департамент басшысының орынбасары Жанна Пралиева хабарлады. 

Оның айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауына «Омикрон» штаммы Sars-Cov-2 вирусының таралуы себеп болып отыр.

Жағдай өте күрделі болып қалуда. Өткен екі аптада індеттің күніне 80 жағдайы тіркелсе, соңғы бес күнде аурушаңдық деңгейі  5,5 есеге артып отыр. Репродуктивті саны-3,2 . Үлес салмағы – 376,6 құрайды. Бүгінде жаңа жағдайларды тіркеу саны 1442-ге жетті.  Қаңтардың алғашқы 10 күнінде барлығы 4622 жағдай тіркелді. Бұл өткен  желтоқсан айының барлық көрсеткіштерінен 1,7 есеге артық екенін көрсетіп тұр, - деді ведомство басшысының орынбасары.

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында жүргізілген молекулярлық-генетикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша бір сынамада КВИ-дің іріктелген 25 оң сынамасынан «Омикрон» штамы анықталған.

Бұл жағдай 16 желтоқсанда шетелден келген қала тұрғынында анықталды. Онда ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Бірақ 22 желтоқсанда тамақ ауруымен медициналық көмекке жүгінді. Содан кейін тексеріліп, оң материалды біз тексеріске жібердік. Мұндай күрт өсудің негізгі себептерінің бірі – «Омикрон» штамының таралуы және азаматтардың қала бойынша белсенді қозғалысымен байланысты болып отыр, - деді Жанна Пралиева.

Сонымен қатар індетті қорғаныс шараларын елемеуі, маска режимін сақтамауы, адамдар көп жиналатын жерлерге бару өршіткен. 

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының өкілі  ПТР сынамасы оң болса немесе науқастармен тығыз байланыста болған жандарға үй каракнтинін сақтауды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы