Омикрон. Екі аптада 40 мыңға жуық астаналық індет жұқтырған

17 Қаңтар 2022, 16:22
1202
Бөлісу:
Омикрон. Екі аптада 40 мыңға жуық астаналық індет жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қаңтар айының 16 күні ішінде коронавирус індетін жұқтыру бойынша 36347 жағдай тіркелген. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.

Айта кетерлігі, бұл былтырғы жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 12 есеге көп. Желтоқсанда 2737 жағдай тіркеліпті.

Коронавирустың жаңа «Омикрон» штамы вирустың өзге мутацияларына қарағанда барынша жылдам таралып жатыр. Ол бұрын COVID-19-бен ауырғандарға да, 2021 жылғы наурыз-қыркүйек аралығында індетке қарсы вакцина алғандарға да жұғып жатыр. Қала бойынша қазіргі уақытта ревакцинация алуы тиіс  244824 адам бар. Олардың ішінде 27874-і немесе 11,3%-ы ғана қайта вакцина салдырған, - деді Сархат Бейсенова.

Бүгінгі таңда ревакцинация былтыр ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде айларында екпенің толық курсын алғандарға салынып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы