Омикрон асқазан-ішек жолдарына да әсер етеді

9 Наурыз 2022, 22:25
1395
Бөлісу:
Омикрон  асқазан-ішек жолдарына да әсер етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Омикрон» коронавирустық инфекциясының модификацияланған штамы өкпеге ғана емес, асқазан-ішек жолдарына да әсер етеді. 

Жүрек айну, диарея, тәбеттің жоғалуы жиі байқала бастады. Бұл құбылысты Г. Н. Габричевский атындағы ғылыми зерттеу иституты директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Татьяна Руженцова «жанама әсерлер» «омикрон» кезінде айқын болғанын атап өтті. 

Оның айтуынша пациенттердің шамамен 30% - ы күніне 4-6 рет жиі нәжістің сұйықтануына шағымданады. Олардың кейбіреулерінде, көбінесе балаларда тәбеттің төмендеуі, жүрек айну байқалады. Балаларда ауру көбінесе құсумен бірге жүреді, әсіресе аурудың алғашқы күнінде қатты байқалады. Сондықтан дәрігерлер алғашқы айқын белгілер кезінде мамандарға хабарласуға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы