«Омикрон»: АҚШ-та алғашқы өлім тіркелді

21 Желтоқсан 2021, 15:50
1252
Бөлісу:
«Омикрон»: АҚШ-та алғашқы өлім тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Техас штатына қарасты Харрис округінің 50 жастағы тұрғыны «омикрон» штамын жұқтырған соң қайтыс болды. 

Жергілікті билік өкілдері таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңа штамның құрбаны болған ер адам вакцина алмаған деп жазады ABC News. 

Ауруды бақылау мен алдын алу орталығының мәліметінше, «омикрон» штамы республикада өршіп тұр. Өткен аптадағы деректерге сәйкес, аталған штамм індет жұқтырғандардың 73%-да анықталған. Елдің оңтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында орналасқан кейбір өңірлерінде «омикрон» штамының жұғуы 90%-дан асқан.

Джонс Хопкинс университеті инфекция жұқтырған америкалықтар саны 51 млн-ға жеткенін айтты. Ал олардың 807,5 мыңы қайтыс болған. Соңғы бір ай ішінде коронавирусқа 3 млн-нан астам шалдыққан. Оның 34,3 мыңнан астамы құрбан болды.

АҚШ аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіші бойынша әлемде әлі бірінші орында тұр.

Өзгелердің жаңалығы