Омаров Лондондағы қазақ жастарымен кездесті

6 Шілде 2022, 15:15
1186
Бөлісу:
Омаров Лондондағы қазақ жастарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Лондонда өткен Діни сенім бостандығын ілгерілету жөніндегі IV Министрлік конференциясына қатысқаннан кейін «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алып жатқан қазақстандық жастармен кездесті. 
 

Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды реформалық бағдарламаларына тоқталып, жастарды қолдау шаралары туралы айтты.

Жиын барысында Асқар Қуанышұлы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, жастардың Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосуы үшін терең білім алып, кәсіби шеберлікті арттыруға шақырды.

Өз кезегінде студенттер түрлі бағыттар бойынша ұсыныстарын айтып, академиялық және тағылымдамалық бағдарламалар арқылы Ұлыбританияның озық оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берген отанына зор алғыстарын жеткізді.

 

Өзгелердің жаңалығы