Омархан Өксікбаев жаңа қызметке тағайындалды

28 Қаңтар 2021, 16:27
11536
Бөлісу:
Омархан Өксікбаев жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мәжілісі өтіп, Кеңес төрағасы қызметіне мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Омархан Өксікбаев сайланды. 

Бұл туралы оқу орнының ресми өкілі – баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан хабарлады.

Омархан Нұртайұлы Өксікбаев 1954 жылғы 22 желтоқсанда Алматы облысы Балқаш ауданы Көктал ауылында дүниеге келген.

1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді. 1991 жылы Францияда (Парижде) «Нарықтық экономикадағы аудиторлық қызмет» мамандығы бойынша білім алды. Экономика ғылымдарының докторы.

1975 – 1976 жылдары – Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист.

1976 – 1977 жылдары ГДР-дағы Кеңес әскерлері тобының құрамында әскери қызмет атқарды.

1977 – 1979 жылдары – Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист.

1979 – 1984 жылдары – Алматы облысы Балқаш ауданының «Тыңға 25 жыл» кеңшарында бас экономист, Алматы облыстық суармалы жерлерді игеру басқармасының жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы.

1984 – 1992 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің аға бақылаушы-тексерушісі, бас бақылаушы-тексерушісі, ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

1992 – 1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің басқарма бастығы, алқа мүшесі.

1996 жылғы ақпан – сәуір айлары аралығында – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекетаралық қатынастар басқармасының бастығы.

1996 – 1998 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

1998 – 2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі.

2000 – 2002 жылдары – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары.

2002 жылғы ақпан айынан бастап – ҚР Президенті Әкімшілігінің Бас бақылау инспекциясының басшысы.

2002 жылғы шілде – 2003 жылғы маусым аралығында – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2003 – 2012 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы.

2012 жылғы қыркүйек – 2016 жылғы қаңтар - бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nu Otan Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2016 жылғы наурыз айынан бастап 2020 жылға дейін – алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерекелік медальдарымен, III дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2011), «Парасат» орденімен (2012), II дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2012), I дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2014) марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы