Шымкентте 4 млн теңгенің заңсыз вейпі тәркіленді

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 Скриншот 30 Қазан 2026, 23:55
30 Қазан 2026, 23:55
197
Фото: Скриншот

Шымкентте электрондық темекілерді заңсыз сатумен айналысқан азамат ұсталды. Полицейлер күдіктінің көлігінен жалпы құны 4 млн теңге болатын 400 вейп тәркіледі.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция елімізде электрондық тұтыну жүйелерін сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге заңмен тыйым салынғанын еске салады. Бұл талаптарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Наверх