Үкімет, Сенат және Мәжіліс басшылары соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды

 Үкіметтің баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 10:51
Бүгiн 2026, 10:51
100
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Жеңіс күніне орай Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Шараға қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқан қазақстандық майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Жеңіс күні бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын, ұрпақтар сабақтастығы мен татулықты және ел тыныштығын сақтау жауапкершілігін жадымызда жаңғыртатын тарихтағы ең атаулы күндердің бірі болып қала береді.

Наверх