Олимпиадада жүлденің аз болғаны қатты алаңдатады – Бейбіт Ыстыбаев

29 Шілде 2021, 18:28
1615
Бөлісу:
Олимпиадада жүлденің аз болғаны қатты алаңдатады – Бейбіт Ыстыбаев

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасына келіп сұхбат берген әйгілі палуан, «Қазақстан барысының» үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев еліміздегі спорт туралы ойымен бөлісті. 

2016 жылы үлкен спорттан кеткеніммен спорт саласында қызмет етіп жатырмын. «Туған жерге туың тік» дейді халық даналығы. Жастарды шығаруға себепкер болайық деп спорттың айналасында жүрмін. Спортта шешімін таппай жатқан нәрселерге кішкене болсын өз үлесімді қоссам деген ой болды. Билік пен спортшылардың арасында алтын көпір жасағым келді, - дейді түйепалуан Ыстыбаев.  

Сонымен қатар оның жанына 2004 жылдан бері Жамбыл облысында Олимпиадада алтын жүлденің болмағаны батқан көрінеді.  

Қоғамдағы мәселелерге келер болсақ, өзім спортшы болғаннан кейін мені бәрінен бұрын еліміздегі спорттың болашағы алаңдатады. 2004 жылы Бахтияр Артаев ағамыздан кейін Жамбыл облысында ешкім олимпиаданың алтынын әкелмеді. Қазір сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында жұмыс істеп жатырмыз, - дейді ол. 

Бұл олқылықтарды палуан дұрыс менеджерлердің болмауымен түсіндіріп отыр.  

Әр саладағы спорт бойынша мықты мемлекеттерге спортшыларымызды жаттықтыруға жіберу қажетпіз. Дұрыс жолды таңдап берсең, 2-3 айда чемпион жасауға болады. Себебі біздің қазақтың балалары мықты. Сондай жастарды ауыл-ауылдан іздеп жатырмыз, - деді Бейбіт Ыстыбаев. 

 

Өзгелердің жаңалығы