Олимпиада және Паралимпиада жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы Үкімет қаулысы қабылданды

24 Сәуір 2025, 07:54
369
Бөлісу:
Олимпиада және Паралимпиада жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы Үкімет қаулысы қабылданды
Фото: pexels.com

Қазақстан Республикасы Үкіметі Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл қадам Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асып отыр. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Үкімет қаулысы қолданыстағы заңнама аясында дайындалып, тиісті мемлекеттік органдармен келісілген.

Қаулыда халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына мемлекет тарапынан сыйақы тағайындау көзделген.

Сыйақы төлеу тәртібі мен көлемі бұған дейін бекітілген нормаға сәйкес жүзеге асады.

Өзгелердің жаңалығы