Қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлеуметтік желідегі парақшасында алтын медальмен ұйықтаған сәтіндегі суретін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Фотосуретте Қазақстан туы ілінген бөлмеде алтын медаль таққан чемпионның ұйықтап жатқан сәті түсірілген.
Тәтті армандар осыдан жасалған 🥇(Sweet dreams are made of this🥇), - деп жазды чемпион Михаил Шайдоров инстаграм парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Михаил Шайдоров Миланда өтіп жатқан қысқы Олимпиаданың алтын медаль иегері атанған еді.