Олимпиада-2026: Аяна Жолдас фристайлдан 21-орынға тұрақтады

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аяна Жолдас 2026 жылғы Олимпиада ойындарында жекелей сайыста өнер көрсетуін аяқтады.

 ҰОК/Тұрар Қазанғапов 18 Ақпан 2026, 20:37
18 Ақпан 2026, 20:37
784
Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аяна Жолдас 2026 жылғы Олимпиада ойындарында жекелей сайыста өнер көрсетуін аяқтады. Отандасымыз жарыстан кейін бұл Олимпиадаға отадан соң қатысқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бар күшімді салдым. Жалпы, өз өнеріме көңілім толады. Әрине, қос аяқтап түсе алмадым. Бірақ бұл менің ең сәтті секірулерімнің бірі болды деп ойлаймын. Екінші секіруді қар үстінде орындадым. Оны өмірімде екінші рет қана жасадым. Себебі Олимпиадаға санаулы күн қалғанда бағдарламамызды күрделендірдік. Шынымды айтсам, қатты қуаныштымын. Өйткені желтоқсанда жарақат алып, ота жасаттым. Отадан кейін қалыпқа келуге ұзақ уақыт кетті. Солай бүкіл маусымды өткізіп алдым. Соған қарамастан осында келіп, Олимпиадада өнер көрсеткеніме өте ризамын. Маусымның басым бөлігін өткізіп алған соң, психологиялық қысым да сезілді. Кеше ауа райы да қолайсыз болды. Жаттығу кезінде бәрі жақсы еді, бірақ аяқталған соң үзілісте ауа райы күрт бұзылып, қалың қар жауды. Қардан кейін жел көтерілді. Бақытымызға орай, жарыстар тоқтатылды. Ал бүгін күн ашық, жел де қатты емес. Жағдай өте жақсы. Ертең ерлер құрамасы өнер көрсетеді. Жігіттерге сенемін. Олар финалға да, суперфиналға да өтеді деп үміттенемін. Құдай қаласа, жүлде үшін таласады, - деді Жолдас.

Айта кетейік, Аяна Жолдас қос іріктеу кезеңінің нәтижесінде 21-орынға тұрақтады.

Бұған дейін мәнерлен сырғанаушы Михаил Шайдоров Миланда өтіп жатқан қысқы Олимпиаданың алтын медаль иегері атанған еді.

Жеңістен кейін Президент спортшыны II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Сондай-ақ, Михаилды жеңісімен Геннадий Головкин де құттықтады. Әнші Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа автокөлік тарту етті. 

Одан кейін Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ерекше суретін жариялады

Наверх