Олимпиада – 2020. Жапония әуе компаниясы шетелдіктерге 50 мың билет тегін таратады

31 Желтоқсан 2019, 15:20
2882
Бөлісу:
Олимпиада – 2020. Жапония әуе компаниясы шетелдіктерге 50 мың билет тегін таратады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Japan Airlines әуе компаниясы шет елдерден келетін туристерге 2020 жылдың жазында өтетін Олимпиада кезінде жергілікті рейстерге 50 мың билет таратады. 

Акцияны тек Jal Mileage Bank ниеттестік бағдарламасының қатысушылары ғана пайдалана алады, деп хабарлайды ЕНВ.
Акцияның мақсаты – туристерді Токиодан басқа жерлермен таныстыру және Олимпиада ойындары кезінде (1 шілдеден 30 қыркүйекке дейін) ел астанасына түсетін жүктемені азайту. 

Арнайы жүйе сіз баратын жерді өзі таңдайды. Турист өтініш берген кезде Ханэда (Токио) және Осака (Кансай) әуежайларынан төрт бағытта ұша алады. Ол нақты қайда ұшатынын үш күннен кейін ғана біле алады. Билеттер екі жаққа да беріледі.

Егер турист отбасымен немесе достарымен саяхаттаса, онда ол топтық өтініш тапсыра алады. Акция ақпан айының соңына басталады деп жоспарланған.

Бұл акция шетел саяхатшыларын "Жапония жанкүйері" болуға итермелейді деп үміттенеміз, - делінген JAL мәлімдемесінде.

Өзгелердің жаңалығы