Олигополияға ыңғайланған нормаларды жойып, кәсіпорындарды мемлекет тәртіпке келтіруі керек — Жаңбыршин

22 Тамыз 2023, 20:36
2314
Бөлісу:
Олигополияға ыңғайланған нормаларды жойып, кәсіпорындарды мемлекет тәртіпке келтіруі керек — Жаңбыршин
Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар нысанға барып, мәселелерді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында депутат бұрғылау кезінде апат орын алған «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнына барды. Кен орнында бұрқасын газ алауымен қатар жерасты суы да шығып жатыр.

Олигополияға ыңғайланған нормаларды жойып, кәсіпорындарды мемлекет тәртіпке келтіруі керек — Жаңбыршин

Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, атмосфераға жану өнімдерінің таралуынан басқа қоршаған ортаның тұзбен ластануы да байқалып отыр.

Жұмыс алаңында бұрғылау жұмыстарымен айналысып жатырған жұмысшылармен кездескен депутат олардың проблемаларын тыңдады.

Компания басшысы Тельман Сафинов сыйақылардың екі күнде, ал қалған мәселелерді осы апта аяғына дейін шешіп береміз деп уәдесін берді. Осындай ауыр жағдайда жұмыс атқарып жатқан персоналдың жағдайын айтқызбай ақ жасау керек емес пе?!, — дейді депутат.

Одан әрі Еділ Жаңбыршин «Бозашы-Мұнай» және «Атырау Құрылыс ЛТД» серіктестіктерінің жұмысшыларымен кездесті.

Олар мұнай игерудегі жұмысшылардың қолға алатын жалақысы 300 мың теңгедей, әлеуметтік көмек жоқ, лауазымы мен разрядқа байланысты жалақының тарификациясы жасақталмағанын, еңбек қауіпсіздік нормаларының сақталмай отырғанын айтты.

Сервистің қызмет көрсететін компания мәселелері: техникалары ескі, жалақы 150-200 мың теңгейдей, жыл сайын компания аты ауысады, бірақ адамдар мен техника сол күйінде қалады. Екі компанияда да мереке, түнгі уақыт сияқты заңда көрсетілген үстеме ақылардың төленбейді, — деді Еділ Жаңбыршин.

Өз кезегінде «Бозашы-Мұнай» ЖШС өкілдері аталған мәселелерді шешу жағын қарастырып жатырмыз деген уәждерін айтты.

Сонымен қатар Еділ Жаңбыршин Қазақстанда жерқойнауын пайдаланушылар, энергетика, мұнай-газ, химия және басқа да қауіпті өндіріс ошақтарында апаттар оқытын-оқтын орын алып, жұмысшылар жарақаттанып және қаза болып жатқанына тоқталды.

Өндірістік қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, бұрын ұңғыны қазудың жобасын меморгандармен келісетін еді, енді компанияның бірінші басшысы өзі бекітіп жұмыс жасай береді.

Өткенде АГЗС-тардың газ баллондарға газ құюын тиым салатын заң қабылдадық, ал оны бақылайтын жергілікті әкімдіктерде арнайы орган да, маман да жоқ. Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен өмірі ең басты құндылығымыз. Сондықтан өндіріс пен экология қауіпсіздігін бақылау мен қадағалауды күшейтуіміз керек. Жалпы алғанда заңдарымызды қайтадан қарап, олигополияға ыңғайланған нормаларды жойып, кәсіпорындарды мемлекет тарапынан тәртіпке келтіру керек, — деді Еділ Жаңбыршин.

Өзгелердің жаңалығы