«Олигархтарды ешкім қолдамайды»: Мемлекеттік қолдау кімдерге беріледі?

17 Қараша 2026, 17:13
АВТОР
 Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 17 Қараша 2026, 17:13
17 Қараша 2026, 17:13
110
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Мемлекеттік қолдау заңда көзделген шаралар аясында кәсіпорындарға көрсетіледі. Өнеркәсіп және құрылыс вице министрі Олжас Сапарбеков отандық өндірушілерді қолдау туралы сұраққа осылай жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, кәсіпорындарға қаржыландыру ұсынумен қатар, сатып алу рәсімдері арқылы да қолдау көрсетіледі. Бұл жұмысқа «Даму» қоры, Өнеркәсіпті дамыту қоры және өзге де квазимемлекеттік ұйымдар қатысады.

– Бұл жерде мәселенің аражігін ажырату керек. Елімізде олигархтарға қатысы жоқ кәсіпорындар да бар. Біз соларды қолдаймыз, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынамыз, несие береміз. Сонымен қатар сатып алу рәсімдері аясында да қолдау көрсетеміз. Олигархтарды ешкім қолдап отырған жоқ. Заңда көзделген шаралар аясында әрбір кәсіпорынға көңіл бөлеміз, – деді Олжас Сапарбеков.

Ол Беларусьтен және басқа елдерден әкелінетін тауарларға қатысты да пікір білдірді. Сапарбековтің сөзінше, импорттық өнімдердің нарықта болуы тұтынушыға таңдау мүмкіндігін береді.

– Беларусьтен және басқа елдерден келетін тауарлар бар және бола береді. Өйткені бізде нарық. Азық-түлік, құрылыс материалдары немесе киім болсын, импорттық тауарлар да болуы керек. Бұл халыққа таңдау мүмкіндігін береді, – деді ол. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх