Олар мүмкіндіктің бәрін қолданады: Тоқаев Қазақстан-Грекия матчын тамашалайды

21 Наурыз 2024, 22:05
708
Бөлісу:
Олар мүмкіндіктің бәрін қолданады: Тоқаев Қазақстан-Грекия матчын тамашалайды
Фото: BAQ.KZ архив

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін түнде өтетін Қазақстан құрамасының Грекиямен футбол матчын тамашалайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының жоспары туралы ҚР Президентінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүздеген қазақстандықтар секілді бүгін түнде Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы футбол матчының трансляциясын тамашалайды. Президент біздің жігіттерді шын жүректен қолдайды және жеңіс үшін олар қолдан келген барлық мүмкіндікті қолданатынына сенімді, - деді Берік Уәли.

Еске сала кетейік, футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Грекия кездесуі 21 наурыздан 22-не қараған түні сағат 00:35-те болады. Матчты Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінен көруге болады.

Қос команда 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасына таласады.

Өзгелердің жаңалығы