"Ол кісімен кездескенде батырлығым көтерілген шығар" – Ақшолақов

3 Мамыр 2024, 17:12
419
Бөлісу:
"Ол кісімен кездескенде батырлығым көтерілген шығар" – Ақшолақов
Фото: автордан

Ұлттық қорғаныс университетінің профессоры Қуандық Ақшолақов 1993 жылы аға лейтенант болып жүргенде Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты көргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол кісімен кездескенде батырлығым көтерілген шығар. Қара торы, бойы ұзын, денесі ірі кісі, сөйлеген сөздері қандай?! Өмірді көрген кісі. Елімізде Сағадат Нұрмағамбетов сияқты намысты жандар көп болса, бізде бәрі жақсы болады деп ойлаймын, – деді ол.

Ұлттық қорғаныс университетінің профессоры Сағадат Нұрмағамбетовпен кездескенде Қазақстан Қарулы күштері туралы сұрағанын баяндады. Халық қаһарманының не айтқаны да күні бүгінге дейін есінде.

"Балам, жұмыс өте көп. Талай доктрина жазу керек, әскерімізді көтеру керек. Сендер сияқты жастар оны көтеру керек" деп, "намыстарың болсын, адал жұмыс істеңдер" деп айтқандары әлі есімде, – деп бөлісті Ақшолақов.

Өзгелердің жаңалығы