Оқушылар арасында КВИ анықталған жағдайда олар қайта қашықтан оқуға көше ме?

11 Тамыз 2021, 16:58
11521
Бөлісу:
Оқушылар арасында КВИ анықталған жағдайда олар қайта қашықтан оқуға көше ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл сауалға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді.

Аймағамбетовтің сөзінше, егер бірінші сыныпта әлде бір топта коронавируспен ауырған бала шықса, онда дәл сол топ немесе сынып қашықтан оқыту форматына жіберіледі.

Егер бірінші сыныпта әлде бір топта коронавируспен ауырған бала шықса, онда дәл сол топ немесе сынып қашықтан оқыту форматына жіберіледі. Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген қағидада дәл осындай мәселе қарастырылған. Оқушының, студенттің ата-анасы немесе білім алушының өзі ауырып қалса, онда одан аурудың клиникалық белгілері мен симптомдары байқалмаса да білім ордасына кіргізілмейді, - деді министр.

Еске салсақ, бүгінгі Үкімет отырысы барысында Аймағамбетов қыркүйектен бастап оқушылар дәстүрлі форматта оқитынын айтты. Сонымен қатар ол алғашқы қоңырауға тек 1-сынып оқушылары қатысатынын атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы