Білім күні 1-сынып үшін ғана салтанатты шара өтеді

11 Тамыз 2021, 15:01
2152
Бөлісу:
Білім күні 1-сынып үшін ғана салтанатты шара өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтқан болатын.

1 қыркүйекте өтетін салтанатты шара дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1-сынып оқушылары үшін ғана ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде Әліппе табысталады. Ал 2-11 сынып оқушылары бекітілген кабинеттерге барып, тақырыптық сынып сағаттарына қатысады, - деді министр.

Сондай-ақ министр отырыста қыркүйектен бастап барлық оқушы дәстүрлі форматта оқитынын айтты.

Осыған дейін Аймағамбетов аппарат жиналасында Білім күні 1-сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталатынын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы