Оқушылар арасында күзгі кросс өтті

16 Қазан 2019, 10:44
3426
Бөлісу:
Оқушылар арасында күзгі кросс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарысқа барлығы қалалар мен аудандардан 14 команданың құрамында 104 жас спортшы қатысты, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, XXVIII облыстық спартакиада бағдарламасында "Күзгі кросс" жеңіл атлетикалық жүгірісі "Ертіс" шаңғы базасында ұйымдастырылды.

"Жарысқа барлығы қалалар мен аудандардан 14 команданың құрамында 104 жас спортшы қатысты. Қатысушы балаларға таза ауа, жайдары көңіл-күй, сергектік күш-қуат сыйлады. Жас спортшылар басқа қатысушылармен ой бөлісіп, қарым-қатынасын нығайтты", - деді баспасөз қызметінде.  

Күзгі кросс нәтижесі бойынша қалалар арасында бірінші орынды Павлодар қаласы, екінші орынды Ақсу қаласының командалары иеленді. Аудандар арасында Павлодар ауданы бірінші орынға, Железин ауданы екінші орынға, Ертіс ауданы үшінші орынға лайық деп танылды. Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар облыстық білім беру басқармасының диплом және медальдарымен марапатталды


Өзгелердің жаңалығы