Өгей әкесінен таяқ жеген бала ауруханада жатыр

23 Ақпан 2024, 14:40
2501
Бөлісу:
Өгей әкесінен таяқ жеген бала ауруханада жатыр
Фото: видеодан скриншот

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Сайрам ауданында ер адамның балаларды соққыға жығып жатқан видеосына қатысты түсініктеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Динара Зәкиеваның сөзінше, кеше осы жаңалықты ести сала Түркістан облысының прокуратурасына және өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Егембердиевамен байланысқа шыққан.

Қылмыстық іс қозғалды. Ер адам (өгей әке) ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ұл бала ауруханада жатыр. Алдын ала берілген мәлімет бойынша ол үйінде күйіп қалған. Баламен психологтар жұмыс істеп жатыр. Бұл бала осы уақытқа дейін таяқ жеп келген екен. Тергеу амалдарының арқасында істің мән-жайы анықталып жатыр, - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, кеше желіде жантүршігерлік видео тарады. Онда қолында нәресте ұстаған ер адамның жерде жатқан балаларды аяусыз тепкінің астына алып жатады. Кейін ер адамның балалардың өгей әкесі екені анықталды. 

Өзгелердің жаңалығы