Қызылорда облысында індет жұқтырғандар саны 160-тан асты

23 Сәуір 2020, 23:23
1201
Бөлісу:
Қызылорда облысында індет жұқтырғандар саны 160-тан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 2 адам туралы ақпарат таратты.

Вирусты жұқтырғандардың екеуі де Қызылорда қаласының тұрғындары. Олардың біреуі 45 жастағы ер адам, жедел жәрдем қызметінде жұмыс жасайды. Екінші ер адам 66 жастағы зейнеткер. Ол өзіне дейін COVID-19-ды жұқтырған адаммен қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Екі науқастан да анализ карантиндік стационардан алынып, зертханалық зерттеулердің нәтижесі коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем жүргізілуде.

23.04.2020 жылғы сағат 22:40-тағы жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 161 адам тіркелген. Оның ішінде емделіп шыққандар саны — 46, стационарда ем қабылдап жатқандар — 115 адам.

Өзгелердің жаңалығы