Қарағанды облысында індет жұқтырған соңғы 1 адам жайлы мәлімет

11 Сәуір 2020, 23:25
1575
Бөлісу:
Қарағанды облысында індет жұқтырған соңғы 1 адам жайлы мәлімет

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 1 науқас туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат таратты.

Ауру жұқтырғандардың 1 жаңа жағдайы тіркелді. Науқас коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты  карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған адам. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде - делінген хабарламада.

11.04.2020ж. жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 63 адам анықталды, оның ішінде - 1 қайтыс болған, 1 - сауыққан пациенттер бар.

Қарағанды облысында үй карантинінде 1643 адам бар, ал стационарлық карантинде тәулік бойы бақылауға - 698 пациент алынған.

Өзгелердің жаңалығы