Елордадағы облыстық аурухана карантинге жабылды

27 Наурыз 2020, 11:58
947
Бөлісу:
Елордадағы облыстық аурухана карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Манас көшесінде орналасқан №2 көпсалалы облыстық аурухана карантинге жабылды.

Байланысқан адамдар карантинге жіберілді. Орынжайдың барлығына дезинфекция жасалды. Науқастарға келуге тыйым салынды. 

Сонымен қатар №1 автобус паркі де карантинге жабылды. Автопарктың барлық аумағына, автобустарға дезинфекция жүргізілді. Байланыста болған кісілер стационарға жіберілді. 2020 жылы 28 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап халық көп жиналатын орындар - саябақтар, скверлер, жағалаулар, ойын алаңдары және т.б. жабылады. 

Қоғамдық орындарда 3 адамнан артық (отбасы мүшелерінен басқа) топтасып жиналуға тыйым салынады, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз қалада жүруіне тыйым салынады. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу, медициналық қызмет алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектеледі. 

Елордаға кіру және шығу бойынша қатаң режимді бұзған 60-тан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 46-сы қамауға алынды.  Бұдан өзге, ТЖ режимін бұзғаны үшін 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.


Өзгелердің жаңалығы