Облыс тұрғындары тегін тексеріле алады

19 Тамыз 2019, 22:19
1700
Бөлісу:
Облыс тұрғындары тегін тексеріле алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  24 тамызда Қарағанды қаласындағы Облыстық онкологиялық диспансерде, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірінде бауырдың қатерлі ісіктерін ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.

Дәрігерлер келесідей дерт белгілері бар барлық адамдарға тексеруден өтуді ұсынады:

- Ас қорыту органдары жұмысының бұзылуы (іштің кебуі, іш қуысындағы жайсыздық, тәбеттің болмауы, жүректің айнуы, құсу);
- Оң жақ қабырға астында ауыртпалық сезімінің болуы және ауырсыну; 
- Тері қабаттарының сарғыштығы; 
- Жылдам шаршау, белгісіз себеппен салмақ жоғалту. 
- Сонымен қатар, егер сіз В, С вирусты гепатиттері бойынша инфекционист дәрігерде есепте тұрсаңыз . 

Барлық ниет білдірушілер диагностикадан тегін өтіп, онколог дәрігерлерден кеңес ала алады. Тегін тексерулердің тізімінде бауырды ультра-дыбыстық зерттеуден өткізу (дәрігерден сәйкесінше нұсқау болса) қарастырылған. 

Өзгелердің жаңалығы