Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар 5G-мен қамтылады

17 Наурыз 2021, 14:34
2550
Бөлісу:
Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар 5G-мен қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2025 жылға қарай елдің барлық облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қаласы 5G жоғары жылдамдықты интернетімен қамтамасыз етіледі. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев елдің 2025 жылға дейінгі дамуының Ұлттық жоспарын таныстыру барысында айтты.

Оның айтуынша, Ұлттық жоспар азаматтардың әл-ауқаты, институттардың сапасы және мықты экономика атты үш бағыт бойынша 10 жалпыұлттық басымдықтан тұрады. 

Сонымен қатар экономика салаларын цифрландыру, жасанды интеллект және Big Data элементтерін енгізу жөніндегі шараларды іске асыру жалғасады. Салаларды технологиялық жаңарту және цифрландыру бойынша жағдайлар жасау үшін цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасады, - деді Әсет Ерғалиев.

Оның айтуынша, 2025 жылға қарай ел халқының 99%-ы сапалы интернетке қол жеткізе алады. Барлық облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қала 5G жоғары жылдамдықты ннтернетпен қамтылатын болады.

Бүгінгі брифингте ауылдар жаңа стандарттарға сәйкес жаңғыртылатыны да айтылды.


Өзгелердің жаңалығы