Қызылорда облысында індет жұқтырған үш адам Шиелі ауданының тұрғындары

24 Сәуір 2020, 23:06
1827
Бөлісу:
Қызылорда облысында індет жұқтырған үш адам Шиелі ауданының тұрғындары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 3 адам туралы ақпарат таратты.

Вирусты жұқтырғандардың үшеуі де Шиелі ауданында тіркелді. Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр - делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы алдын-алу шаралары ұйымдастырылып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

Дәл қазіргі жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жалпы 164 адам жұқтырған. 

Өзгелердің жаңалығы