ОАР-да тұрғын үй өртінен 74 адам көз жұмды

2 Қыркүйек 2023, 07:18
475
Бөлісу:
ОАР-да тұрғын үй өртінен 74 адам көз жұмды
Фото: видеодан скрин

Оңтүстік Африка Республикасының ең ірі қаласы Йоханнесбургте 5 қабатты ғимарат өртеніп, 74 адам ажал құшты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаңырап бос тұрған үйді жұмыссыз, баспанасыз жандар паналаған. Арасында 7 бала бар. 50-ден астам кісі жараланды. Іздеу-құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр. Сондықтан билік құрбандар қатары артуы мүмкін деп ескертті. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Бұл жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырып жіберді. Осы өрттен зардап шеккен тұрғынға барлық материалдық көмек көрсетіледі. Тергеу амалдары көп нәрсенің мән-жайын әділ анықтап, мұндай қасіреттің қайталанбауына себеп болады деп сенемін, - деді ОАР президенті Сирил Рамафоса.

Өзгелердің жаңалығы