Оқушылар мен студенттер арасында кәсіпкерлік идея фестивалі өтеді

7 Ақпан 2020, 22:22
1705
Бөлісу:
Оқушылар мен студенттер арасында кәсіпкерлік идея фестивалі өтеді

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы қаласында кәсіпкерлік идеялар фестивалі өтеді. Бұл туралы Алматыдағы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

Аталған шара 10-14 ақпан аралығында Тұран университетінде өтеді. Бес күн бойы фестивальға қатысушылар кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алады. Осылайша, шараның қарқынды бағдарламасының арқасында, білім алушы жастар бизнес-жоспарды жазу, бизнес-стратегияны әзірлеу дағдыларын, клиенттермен жұмыс істеу тәсілдерін, оның ішінде сенімді аудиторияны қалыпастыру және ұстап қалу бойынша жұмысты меңгереді.
Фестиваль спикерлері қатысушыларға кәсіпкерлікті қолдаудың әртүрлі нысандары туралы баяндайды, ал бизнес-тренерлер бизнестегі мансаптық траекториямен таныстырады – қайда білім алу қажет, қалай даму қажет және кәсіпкер неден шабыт алатыны түсіндіріледі, - делінген ақпаратта.
Аталған жобаның негізгі мақсаты – өз бизнесін жүргізу мүмкіндіктерін презентациялау. Сонымен қатар, фестиваль мектеп оқушылары мен студенттер арасында  көшбасшылық қасиеттерді, эмоционалдық ақыл-ойды, шығармашылық ойлауды және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Осылайша, фестиваль қатысушылары өткізілген білім бағдарламасы бойынша алынған білімдері мен дағдыларын болашақта қолдана алады.
Фестивальдің маңызды буыны болып "Жастардың бизнес-жобалары" (мектептер, колледждер, ЖОО) атты конкурсы табылады. Ол бәсекеге қабілетті, әлеуметтік-жауапкершілікке ие және ынталы тұлғаны дамытуға бағытталған. Жарыс екі сатыда өтеді: сырттай – ереже критерийлеріне сәйкес іріктеп алу, және қазылар алқасы мүшелері алдында презентацияны қорғау және жеңімпаздарды анықтау, - делінген хабарламада.
Кәсіпкерлік идеялар фестивалінде "Тұран" университетінің негізінде Алматы қаласындағы "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының кәсіпкерлік бойынша оқыту орталығын ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, фестиваль аясында шеберлік сағаттары, воркшоптар және "Jas Kasipker" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік сырттай конференция ұйымдастырылады.




Өзгелердің жаңалығы