Оқушылар бір күн курсанттардың қатарында болды

17 Қазан 2019, 08:45
2985
Бөлісу:
Оқушылар бір күн курсанттардың қатарында болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушылары бір күн курсанттардың қатарында болды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Құрлық әскерлері әскери институтында "Бір күн курсанттардың қатарында" акциясы өтті. 26 білім ордасының 200-ден астам оқушылары өздерін курсант ретінде сезініп көрді. Олар саптық, атыс және дене дайындығынан өздерін сынап көріп, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бойынша көрсеткішті орындап және далалық әскери формаға жаға тігуден сынға түсті. Сонымен қатар, автоматты шашып жинады", - делінген хабарламада.

Барлық сайыста оқушыларға Құрлық әскерлері әскери институтының 3-4 курс курсанттары қолдарынан келгенімен бөлісіп көмектесті.

Шара соңында балалар сарбаздың ботқасынын дәм татып, курсанттардың концерттік бағдарламаларын тамашалады. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, көңілге қонымды жауап алды. Ал болашақ офицерлер өздерінің оқуы мен әскери өмірі туралы оқиғалармен бөлісті. Курсанттардың әңгімелері әскери мамандыққа қызығушылық тудырып, әскери жоғары оқу орнына түсуді жоспарлаған балаларға қызықты болды.

"Нәтижесінде өздерін жақсы қырынан көрсеткен оқушыларға мадақ қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Басты жүлде – кубок, 78 мектеп-гимназиясының "Түріксіб" әскери-патриоттық клубына табыс етілді. Балалар барлық көрсеткіштер бойынша жақсы нәтиже көрсетті", - деп хабарлады министрлікте.

Құрлық әскерлері әскери институтының тәрбие және идеолоия жұмыстары бастығының орынбасары полковник Жұмабек Хасенов "Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – бұл Қазақстан Қарулы Күштер қызметінің бағыттарының бірі. Акцияның басты мақсаты, оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беріп, әскери және азаматтық жастар арасында өзара іс-әрекетті нығайту" екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы