Оқушыларға мектеп киімдері табысталды

28 Тамыз 2019, 22:16
2367
Бөлісу:
Оқушыларға мектеп киімдері табысталды

Алматы, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы Наурызбай аудандық фронт-офисінің басшысы 11  балалаға  мектеп киімдерін алып берді.  

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген қағида бұл күндері қамқор азаматтардың ұранына айналғандай. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы Наурызбай аудандық фронт-офисінің басшысы Нұрбол Малайсаринов аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 11  балалаға  мектеп киімдерін алып берді.  

Бүгін балаларының заттарын алу үшін фронт-офиске келген ата-аналар,  Нұрбол Хамитханұлына алғыстарын білдірді.

 «Менің 4 балам бар. Рамазанымның мектепке киетін киімін Нұрбол Хамитханұлы алып беріп, қуантып отыр. Бұл мен сияқты көп балалы аналарға әжептәуір көмек болады»,-дейді көп балалы ана Азиза Фазылова.
Өзгелердің жаңалығы