Оқушыларға Елбасының өмірі мен қызметі баяндалды

30 Қараша 2019, 08:48
5412
Бөлісу:
Оқушыларға Елбасының өмірі мен қызметі баяндалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш президенті күні қарсаңында елімізде "Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары" жалпыреспубликалық ашық сабақтары өтті.

Мақсат Тұңғыш президент–Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды рөлін ашып көрсету, білім алушылардың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту; қасиетті отанға деген шексіз сүйіспеншілікке, Тұңғыш президент үшін мақтана білуге тәрбиелеу.

Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, сабақ барысында Елбасының өмірі мен қызметінің үлгісі негізінде білім алушыларда мақтаныш және патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатымен топтық, жұптық жұмыстар жүргізіліп, өзіндік ой-пікірлер айтылды, - делінген хабарламада.
Білім алушылар елдің қалыптасуына, дамуына және нығаюына баға жетпес үлес қосқан Елбасының қызметі туралы білімдерін толықтыра түсті. Аталған сабақтарға әлем жазушылары одағының мүшесі, ақын, журналист Ләззат Игілсін, Алмалы ауданы "Нұр Отан" аудандық партиясының саяси мүшесі Анарбек Нұрембетов және Крикнин Антон келіп қатысып, білім алушыларға жылы лебіздерін білдірді.

5623e79c-04b7-4ea5-a5d1-00ed9845178e.jpg

Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш президенті күніне орай Жамбыл облысындағы барлық мектепте ашық сабақ ұйымдастырылды.

"Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" тақырыбында өткен ашық сабақта оқушыларға тәуелсіз мемлекет құрудағы Елбасының рөлі, еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері айтылды.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім құндылықтарын дарыту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.

1b9eba23-e7d8-4a0d-bb54-7bb33e5cda86.jpg

Ашық сабаққа "Казфосфат" ЖШС директоры, ҚР Еңбек ері, Жамбыл облысының құрметті азаматы Мұқаш Ескендіров, жүзуден ҚР спорт шебері Зүльфия Габидуллина, "Жамбыл облысының кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген, "Асыл арман" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Нұрақбаев, "Жас Отан" жастар қанаты облыстық филиалының басшысы Уәлихан Болатбек қатысып, Елбасының шығармашылық жолындағы тың деректерімен бөлісті, - делінген хабарламада.

Туған жерінің тарихын біліп, тамырын қадірлейтін жас ұрпақ тәрбиелесек, болашағымыз жарқын болары анық.

 

Өзгелердің жаңалығы