Оңтүстік аймақтарда қатты ыстық болады

16 Тамыз 2020, 09:21
3702
Бөлісу:
Оңтүстік аймақтарда қатты ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қара теңіз аймағындағы циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райына әсер етеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

16 тамызда кей жерлерде жаңбыр, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, найзағай мен дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. 

Республиканың шығысы және оңтүстік-шығысы жоғарғы атмосфералық қысым алқабында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстігінде және шығысында тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батыста найзағай күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда, күндіз Маңғыстау облыстарының жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл, түнде кей жерлерде найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында - түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Күндіз Алматы облысында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы