Нью-Йорк Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады

24 Мамыр 2023, 11:05
1018
Бөлісу:
Нью-Йорк Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады
Фото: Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желісінен алынды

Бүгін әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген 29 жасқа толды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі. 

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы таймс-сквер алаңында үлкен экраннан Димаш Құдайбергеннің суреттері көрсетілді. Таймс-скверде алаңында түсірілген бейнеден  «Димаш» деп қолдау көрсетіп жатқан жанкүйерлердің дауысын есітуге болады.

Сәлем, Таймс-сквер! Сәлем,әлем! Сәлем, 29 жас! Барлықтарыңызға осыншама үлкен құрметтеріңізге көп рахмет, - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы