Нысандарға берілетін құрылғылар жіті қадағалаудан өтуі керек

28 Сәуір 2020, 12:23
1334
Бөлісу:
Нысандарға берілетін құрылғылар жіті қадағалаудан өтуі керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Болат Қасымов онлайн брифинг барысында инновациялық Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған қоғамдық тетіктер туралы айтты. 

Қазақстандағы қоғамдық бақылауға жасалып отырған негізгі бағыттар нарықтағы мониторингты анықтауға мүмкіндік береді.  Соған байланысты мысалдар да өте көп. Барлық саланың алгоритмі бірдей. Қандай сала болмасын нысандар ең алдымен құрылығлармен жабдықталады. Мәселен, суды алатын болсақ, ол тек қана сумен жабдықтаумен шектеліп қалмайды. Бұл ретте халықты таза сумен қамтамасыз ету ең басты орында тұрады. Әрбір қазақстандық таза суды ішуге құқылы. Яғни, адамдар күнделікті суды пайдаланып, керегіне жаратады. Соған байланысты судың да тазарту технологиясы бар. Ол үшін үкіметтен арнайы тазарту құрылғылары алынады. Бұл жерде біраз мәселені де айта кеткен жөн. Әрбір елді мекенде суды  тазарту құрылғылары орнатылуы керек. Алайда, барлығында бар деп айта алмаймын. Оған өзім осындай тексеріс жұмыстарына қатысқан сәтте көзім жеткен, - деді спикер. 
Сонымен қатар Қосшы ауылында орнатылған тазарту құрылғысын сынға алды.
Елордамыздан 15 шықырым жерде орналасқан Қосшы ауылын алатын болсақ, тазарту құрылыстары 2010 жылы қойылды. Бірнеше миллиардтаған қаржы кетті. Себебі финдық тазарту құрылғысы болды. Алайда, тазарту нормаларына сәйкес құрылғы жұмыс істемей қойды. Соның арқасында халыққа тазартылмаған су таратылды. Өз басым осы жобаны тексердім. Әрине, бұл қателікті ешкім мойнына алмайды. Басында құрылғы әкелген бойда ғимарат басшысы оны тексеріп, алдағы уақытта қалай жұмыс атқара ма жоқ па, соған кепіл алу керек. Сондықтан бұл жерде қате көп, - деді Болат Қасымов. 

Оның айтуынша, ғимараттарға берілетін құрылғылардың қанша мөлшерде су тазалайтындығы және ол құрылғынының сыйымдылығы қандай? соған да аса мән берген жөн. 
Ең алдымен әкімдік бұл жобаны іске асыру барысында бірнеше қателік жіберген. Тапсырыс берер уақытта нысанның құрылысына көңіл бөлмеген. Өнімді тазарту мөлшеріне екі есе көп мөлшерде тапсырыс берген. Яғни, бір күнде 4 мың текше метр су тазартса, олар тапсырыс берген уақытта 8 мың текше метр деп берген. Мемлекеттік ұйымдар құрылғыларға тапсырыс берген уақытта оның көлеміне, сыйымдылығына мән бермейді. Пайдалануға жараса болды деп көп нәрсені ескермейді, - деді спикер.
Өзгелердің жаңалығы