Нығматулин Жаңа жылмен құттықтады

1 Қаңтар 2021, 10:30
1040
Бөлісу:
Нығматулин Жаңа жылмен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Мерекелік құттықтауын өзінің Twitter парақшасында жариялады 

Құрметті достар! Жаңа жыл құтты болсын! 2021 жыл жаңа жетістіктер мен табыстар әкелсін! Сіздерге зор денсаулық, әр отбасыға амандық және бақыт, алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуын тілеймін!, - деді Нұрлан Нығматулин.

Cонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы қазақстандықтар 2020 жылдың сынақтарынан бірлік пен қолдаудың арқасында өткенін атап өтті. Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин еліміздің одан әрі дамып, алға қойған барлық мақсаттарына қол жеткізетініне сенім білдірді.


Өзгелердің жаңалығы