Нығматулин мен Румыния Парламенті Сенатының вице-спикері ынтымақтастық бағыттарын талқылады

21 Желтоқсан 2021, 13:45
1163
Бөлісу:
Нығматулин мен Румыния Парламенті Сенатының вице-спикері ынтымақтастық бағыттарын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Румыния Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Алина- Штефания Горгиу бастаған делегация өкілдерімен кездесті. 

Нұрлан Нығматулин Румыния Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындаған Еуропадағы алғашқы елдердің бірі екенін және маңызды саяси, экономикалық серіктес ел екенін атап өтті.

Палата Спикерінің айтуынша, Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынастарының қалыптасуы мен дамуындағы шешуші рөлді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атқарып, бүгінде  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Румыниямен әріптестікті кеңейтуге үлкен мән береді.

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы Алина Горгиудың елімізге сапары  парламентаралық диалогты одан әрі нығайтуға және мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін беретінін айтты. 

Өз кезегінде, Румыния Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Қазақстан – Румыния үшін маңызды серіктес ел екенін және  парламентаралық байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Сонымен қатар, сауда-экономикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, экология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларына қатысты басым бағыттарға назар аударды. 

Мәжіліс төрағасы Қазақстан мен Румыния парламентшілерінің бірлескен жұмысын жандандыру заң шығару саласындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ парламентаралық ұйымдар аясындағы өзара тығыз қарым-қатынасқа ықпал ететініне сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы