Нығматулин Сербияда өтетін ПО Ассамблеясының отырысына қатысады

11 Қазан 2019, 18:52
1323
Бөлісу:
Нығматулин Сербияда өтетін ПО Ассамблеясының отырысына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин 12-15 қазан аралығында Белградта өтетін (Сербия Республикасы) Парламентаралық одақ Ассамблеясының 141-отырысына қатысады.

Н.Нығматулин Ассамблеяның халықаралық құқықты нығайтуға арналған жалпы отырысында сөз сөйлейді деп жоспарлануда. Қатысушылардың басты назары халықаралық құқық пен тәртіпті сақтау және нығайту механизмдеріне, сондай-ақ, аймақтық ынтымақтастық мәселелеріндегі парламенттердің рөліне арналады.

Мәжіліс Төрағасының бағдарламасында бірқатар екіжақты кездесулер, оның ішінде Парламентаралық одақтың төрағасы ГабриэлаКуэвасБарронмен, Сербия Парламентінің басшысы Майя Гойкович, Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен, сондай-ақ, басқа да елдердегі әріптестерімен кездесуі жоспарланған.

Парламентаралық одақ (ПО) 1889 жылы дүниежүзілік парламенттердің әрекеттерін үйлестіру үшін құрылды. Қазіргі уақытта одақ 178 мемлекет пен 12 аймақтық парламентаралық ұйымдарды біріктіреді. Оған Қазақстан 1993 жылы мүше ретінде қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы