Нұржігітовтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

25 Қараша 2022, 14:14
566
Бөлісу:
Нұржігітовтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен облысқа инвестиция тарту, инвесторлардың ұсыныстарын қарау бойынша штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басқосуда «Алель-Агро» АҚ директоры Ерік Сұлтанқұлов өңірде құс шаруалығын кеңейтуге қатысты инвестициялық жобасын таныстырып, ұсыныстарын жеткізді.

Ұсынылған жоба Жамбыл облысында жылына 25 мың тоннаға дейін құс етінің түрлі өнімін өндіру, халықтың сұранысын қанағаттандыру және өнімді басқа елдерге экспорттау, құс өсірушілер қауымдастығын ұйымдастыруға негізделген.

Айта кетейік, «Алель Агро» акционерлік қоғамы –  еліміздегі ең ірі асыл тұқымды құс етін және жұмыртқа өндірушілердің бірі болып табылады.

Кездесуде облыс әкімі жобаның тиімділігі мен жалпы өңір экономикасына қосар үлесі жайында кәсіпкермен пікір алмасты.

Аймақ басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мемлекет, жергілікті билік тарапынан түрлі қолдаулар қарастырылғанын атап өтіп, жобаның мүмкіндіктерін жан-жақты зерделеу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Өзгелердің жаңалығы