Қазақстандық жас әнші Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасында жеңіске жетті. Өнерпазды жеңісімен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министр өз құттықтауында өнерпаздың таланты, табандылығы мен сахнадағы шеберлігі халықаралық деңгейде жоғары бағаланғанын атап өтті. Оның айтуынша, Нұржастың жетістігі – қазақ өнерінің абыройын асқақтатқан маңызды оқиға.
Димаш Құдайбергеннің бастамасымен іске асқан жоба Түркістан қаласында бастау алып, Ақтау мен Алматыда жалғасып, елордада қорытындыланды. Қытай, Қазақстан, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстан елдерінен келген қатысушылар Қазақстанның киелі жерлерін бірге аралап, халқымыздың мәдениетімен, тарихымен және еліміздің бай табиғатымен танысты, - деді Аида Балаева.
Министр жас өнерпазға алдағы шығармашылық жолында жаңа жетістіктер тілеп, қазақ өнерінің халықаралық деңгейде дами беруіне сенім білдірді.