Мбаппе жарақатына байланысты Франция құрамасының жаттығуын мерзімінен бұрын аяқтад

8 маусымда Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты алдындағы соңғы жолдастық матчында Солтүстік Ирландиямен кездеседі.

 instagram.com/realmadrid Бүгiн 2026, 11:48
Бүгiн 2026, 11:48
178
Фото: instagram.com/realmadrid

Франция құрамасының капитаны, мадридтік Реал Мадрид клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе ұлттық құрамамен өткен жаттығуды мерзімінен бұрын аяқтап, алаңнан жалғыз кеткен.

Бұл туралы беделді инсайдер Мики Жуниор X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, Мбаппе жарақатына байланысты жаттығуды толық аяқтай алмаған. Әзірге жарақаттың нақты сипаты жарияланған жоқ. Алайда 8 маусымда Франция құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңындағы соңғы жолдастық матч күтіп тұр. Бұл кездесуде француз шабуылшысына демалыс берілуі мүмкін.

Франция құрамасы топтық кезеңде Сенегал, Норвегия және Ирак құрамаларымен кездеседі. Турнирдегі алғашқы ойынын француздар 16 маусым күні Сенегалға қарсы өткізеді.

Наверх