"Нұрлы жол" арқылы автожол саласында 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

4 Қаңтар 2019, 15:56
2866
Бөлісу:
"Нұрлы жол" арқылы автожол саласында 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Астана, baq.kz. Бүгінгі таңда паром терминалының қуаттылығы 2 млн тоннадан асады. Паром терминалы бір мезгілде екі паромды өңдеу мүмкіндігіне ие. Терминалда жолаушыларды өткізу пунктері, радиациялық бақылау жүйесі бар көлік құралдарын тексеру және өткізу пунктері орналасқан. 

2018 жылғы «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру нәтижелері РrimeМinister.kz шолу материалында ұсынылып отыр. Бұл туралы primeminister.kz сайты жазды.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты — тиімді инфрақұрылымды құру арқылы елдің макроөңірлерін біріктіру. Бағдарлама аясында 7 мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, 10 мың шақырымнан астам жолды жөндеу көзделген.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2018 жылы бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 4,6 мың км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау бойынша 24 жоба жүзеге асырылды.

2018 жылдың қорытындысына сəйкес құрылыс жəне реконструкциялау нысандары бойынша 528 км жол қозғалысы ашылды.

2018 жылы қозғалыс келесі бағыттар бойынша ашылды:

  • Орталық — Шығыс – 243 км;

  • Орталық — Оңтүстік – 30 км;

  • Орал — Каменка – 35 км;

  • Бейнеу — Ақжігіт – 85 км;

  • Алматы — Талдықорған (Сарқанды айналып өту) – 16 км;

  • Қордай а. айналма жолы — 19 км;

  • Астана — Петропавл — РФ шекарасы (Қорғанға қарай) – 25 км;

  • Таскескен — Бақты ​– 10 км;

  • Щучинск — Зеренді – 30 км;

  • Талдықорған — Өскемен – 20 км;

  • Қалбатау — Майқапшағай – 9 км;

  • Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы – 6 км.

Келесі жобалар бойынша жұмыс толық аяқталды:

  • Орал — Каменка – 73 км;

  • Қордай айналма жолы – 40 км;

  • Бейнеу — Ақтау – 60 км;

  • Қапшағай — Талдықорған – 40 км.

2018 жылы барлығы 592 шақырым жол қамтылды.  

Ақылы жолдар — қауіпсіз және ыңғайлы жол жүруді қамтамасыз ету құралы


2018 жылы жалпы ұзындығы 471 шақырым болатын Астана — Теміртау, Алматы — Қапшағай және Алматы — Қорғас учаскелерінде төлем алу жүйесін салу бойынша жұмыстар аяқталып, сынақтық режимге көшірілді.

Қазіргі таңда аталмыш учаскелерде жүйе әрі қарай үздіксіз жұмыс істеу үшін сыналып жатыр. Бұл учаскелер бойынша ақылы жол жүру жүйесі 2019 жылдың қаңтар айының екінші жартысынан басталады. Түскен қаржы тек жолды қажеттісімен қамтамасыз етуге жұмсалады.

«Автокөлік жолдары туралы» Заңға сәйкес автокөлік жолдары сапалы әрі қауіпсіз жылдамдықты қамтамасыз ете алған жағдайда ғана ақылы төлем жүйесі енгізіледі.

Жалпы, автокөлік жолдарында төлемдерді енгізу республикалық бюджет жүктемесін азайтып, қайта қалпына келтірілген жолдарды сақтап, жайлы әрі қауіпсіз жол жүруді қамтамасыз етеді.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін 6,5 мың шақырым ақылы жол енгізу жоспарланып отыр.

«Нұрлы жол»-дың негізгі жобалары

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалаларын заманауи инфрақұрылымы бар ұлттық және халықаралық деңгейдегі хаб-қалалар ретінде белгілеумен, елдің макроаймақтарын қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құру және еліміздің көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне біріктіруді қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламаның бірнеше негізгі жобаларын атап өтейік.

Мәселен, 2018 жылы Қандыағаш — Мақат жобасы бойынша 4 учаскеде жұмыс жүргізілді. 24 шақырым жолдың төменгі қабаты төселді.

Жетібай — Жаңаөзен жобасы бойынша екі учаскеде жұмыс жүргізілді. Соның нәтижесінде үстіңгі жабынды қабаттың 17 шақырымы төселіп, бір бағытта 81 км төменгі қабаты жасалды.

Батыс Еуропа — Батыс Қытай жобасы аясында Түркістан облысында туннель салынуда. Туннельдің 445 метрін (сол жағының 340 м және оң жағының 105 м) бетондау және 780 метрін (сол жағының 350 м және оң жағының 430 м) бұрғылау жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, 2018 жылы Күрті— Бурылбайтал учаскесінде құрылыс материалдары және жол төсемдері дайындалды.

Ұзынағаш — Отар жобасының екі учаскесінде дайындық жұмыстары басталды.

2018 жылдың тамызында Құрық портында портты дамытудың екінші сатысы аясында салынған көліктік паром терминалы іске қосылды.

Астана, baq.kz. Бүгінгі таңда паром терминалының қуаттылығы 2 млн тоннадан асады. Паром терминалы бір мезгілде екі паромды өңдеу мүмкіндігіне ие. Терминалда жолаушыларды өткізу пунктері, радиациялық бақылау жүйесі бар көлік құралдарын тексеру және өткізу пунктері орналасқан. 

Порт айдыны батыс және шығыс жағынан қорғайтын гидротехникалық құрылыстармен қоршалған. Порт айдынында және оған жақын жерлерде кемелердің жүзуін навигациялық сүйемелдеу кеме қозғалысын басқару жүйесімен қамтамасыз етілген. Портқа қарай автокөлік кірме жолы салынған, бұл оны республикалық автокөлік жолдары желісіне қосуға мүмкіндік берді.

Портта жүк құжаттарын «бір терезе» қағидаты бойынша рәсімдеу тәртібі ұйымдастырылған және Баку портымен алдын ала ақпарат алмасу жүйесі қамтамасыз етілген, орташа алғанда бір паромды өңдеу үшін көп дегенде 4 сағат уақыт кетеді. 2019 жылдың соңына дейін ҚР ИИДМ өндірістік процестерді автоматтандыруды аяқтауды және порттың ақпараттық жүйесін «Номад» АСУ жүйесімен біріктіруді жоспарлап отыр.

Бейінді министрліктің мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың 11 айында Ақтау теңіз порты арқылы 4,5 млн т жүк ауыстырып тиелді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 25%-ға жоғары. Сонымен қатар, Ақтаудың үш жаңа құрғақ жүк таситын терминалы арқылы оларды пайдалануға берген сәттен бастап 2018 жылғы 1 желтоқсанға дейін 2,7 млн т жүк ауыстырып тиелді.

Бұған қоса, 2016 жылы қуаттылығы 4 млн т болатын Құрық портының теміржол паромының терминалының құрылыс жұмыстары аяқталды және 2018 жылы Құрық портын дамытудың екінші сатысы аясында салынған автокөлік паром терминалы іске қосылды. Құрық портының паром кешені пайдалануға берілген уақыттан бастап 3 млн т жуық жүк немесе 43 мыңнан астам вагон және 2 мың дөңгелек техникасы ауыстырып тиелді.

Жалпы, жоғарыда аталған жобаларды іске асыру Ақтау және Құрық теңіз порттарының өткізу қабілетін 26 млн т дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылға қарай:

  • 7 мың шақырымға жуық жолды реконструкциялап, салу көзделген;

  • транзиттік контейнерлік тасымалдар саны 10 есеге — 2 млн контейнерге дейін ұлғайтылады;

  • транзиттік авиа жолаушылар ағыны 4 есеге — 1,6 млн-ға дейін өседі.

Жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілерін жаңғырту


Бүгінгі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) нысандарының көпшілігі пайдалануға берудің нормативтен жоғары мерзімімен пайдаланылады. Негізінен бұл — жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілері.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ТКШ жылдамдатылған жаңғырту жұмыстарын жүргізу мақсатында бюджеттік несиелендіру мен субсидиялау қарастырылған.

ТКШ жаңғырту жөніндегі іс-шараларды іске асырудың негізгі көрсеткіштері — жылумен, сумен жабдықтау, су тарту желілерінің тозу деңгейін 2015 жылғы 65%-дан 2020 жылға қарай 57%-ға дейін төмендету және тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту.

Жоспарда — жылумен, сумен жабдықтау және су тартудың 3 478,6 шақырым желісін, 29 қазандық пен 95 басқа нысандарды салу және реконструкциялау қажет.

Жалпы, Мемлекеттік бағдарлама іске асырыла бастаған – 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде жылумен, сумен жабдықтау және су тартудың 2 982 шақырым желісі, 24 қазандық, 71 бірлік басқа да нысандар салынып, реконструкцияланды. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде желілердің тозуы 2015 жылдан бастап 65%-дан 57%-ға дейін төмендетілді.

Жаңа жұмыс орындарын ашу

Су көлігі саласында жобаларды іске асыру, соның ішінде Ақтау портында 3 жаңа құрғақ жүк таситын терминал салу, Құрық портында паром кешенін салу, 2 құрғақ жүк таситын кеме және мемлекеттік техникалық флоттың 6 кемесін сатып алу 450-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға жол ашты.

Барлығы бағдарлама іске асырылып бастаған жылдардан бері автожол жобалары саласында 100 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. 2015–2018 жылдары жылумен, сумен жабдықтау, су тарту жүйелерін жаңғырту бағытында 7640 уақытша және 472 тұрақты жұмыс орны құрылды.  

Өзгелердің жаңалығы