Тоқаевқа «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жердің» қаржыландырылуы туралы баяндалды

29 Шілде 2019, 16:53
1783
Бөлісу:
Тоқаевқа «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жердің» қаржыландырылуы туралы баяндалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпхановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына холдингтің биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметі мен одан әрі даму жоспары туралы мәлімет берілді.

Атап айтқанда, президентке «Бәйтерек» холдингінің «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын қаржыландыруға қатысуы туралы баяндады.

«Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік жағдайы төмен топтағы азаматтарға арналған қолжетімді тұрғын үй құрылысы, ШОБ-ты қолдау, елдің экспорттық әлеуетін және «қарапайым заттар» экономикасын дамыту, Қазақстанның Даму Банкі желісі бойынша ірі жобаларды жүзеге асыру жөніндегі холдингтің атқарған жұмыстары туралы мағлұмат берілді», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы холдингтің негізгі басымдықтарының бірі болуға тиіс, «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасын сапалы іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, президент шағын және орта бизнесті дамыту бойынша холдингтің қызметін жандандыруды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы