Нұрлан Дулатбеков: Бұл күн - біз үшін маңызды мейрам

1 Желтоқсан 2021, 13:29
1680
Бөлісу:
Нұрлан Дулатбеков: Бұл күн - біз үшін маңызды мейрам

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент мәжілісінің экс-депутаты, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков Елбасының тәуелсіздік жылдары атқарған ерен еңбегін атап, отандастарымызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. 

“Қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Бұл күн - біз үшін маңызды мейрам. Халқымыз, еліміз дами берсін, - деді ол. 

Сондай-ақ ректор “Болашақ” бағдарламасының жастарға берілген жақсы мүмкіндік екенін айтты. 

Бүгінгі мерекеде Елбасының жасаған үлкен еңбектерінің  бірі - “Болашақ” бағдарламасы туралы айтудың символдық сипаты бар. Өйткені жас дарындарды шетелде оқытып, оларға сол жақта алған білімін еліміздің дамуы жолында жұмсауына мүмкіндік берді. Қаншама жыл бойы осы бағдарламаны жүзеге асыруға мұрындық болды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда талай жас ғалым, таланттар Қазақстанның өркендеуіне үлес қосып жатыр, - деп атап өтті Н. Дулатбеков. 

"Болашақ" түлектерін аймақтарға тарту мақсатында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті биыл 12 бағдарлама түлегін жұмысқа қабылдады. 

Түлектер тек Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында ғана емес, еліміздің өңірлерінде, ауылдарда еңбек етіп жатыр. Бұл - Тұңғыш Президентіміздің көрегендік саясаты. Әрине, аз уақыт ішінде оқып келген түлектер әлі де биік нәтижелерді көрсетеді деген үміттемін. Баршаңызды тағы да бүгінгі мерекемен құттықтаймын, - деді ҚР Парламент Мәжілісінің экс-депутаты.

Айта кетерлік жайт, университет басшысы "Болашақ” түлектерін жұмысқа қабылдаудың ерекше шарттары бойынша Ереже бекіткен. Онда аймаққа келгенде басында берілетін көтермеақы, ғылыми дәрежесі, еңбек өтілімі, тәжірибесіне байланысты жалақының көтерілуі көзделген.

Өзгелердің жаңалығы