Нұргүл Молдабайқызы: Ұлттық психология. Қазақ неге "жоқтау" айтқан? "Тұлға" не, адам кім?

Нұргүл Молдабайқызы: Ұлттық психология. Қазақ неге "жоқтау" айтқан? "Тұлға" не, адам кім?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық психологиялық ғылымдар академиясың мүшесі, Қазақстан психологтар одағының эксперті, психолог-маман Нұргүл Молдабайқызы бүгінгі әлеуметтік психология, түрлі тренинг өткізуші псевдо-психологтар жайлы әңгіме өрбітті.

Ол қазақ ұлтының салт-дәстүрінің өзегінде ұлттық психология жатқанын айтады.

Тарихы мен табиғатында отырықшылықтан басқа дым көрмеген Еуропаның ілімі бізге жат – дейді ол.

Сонымен қатар ол "ұлт психологиясынан алыстап кете алмаймыз" деген пікірде. 

Ұлттың ерекшелігіне келер болсақ; Тұл деп кімді айтамыз? "Тұл жетім" деген ұғым бар. Түгі жоқ. "Шәкіртсіз ұстаз тұл" дейді. Яғни жоқ дегенді білдіреді. Мысалы маған тұлға деп қарасаңыз – онда мен жоқпын – дейді психолог.

Ол тіпті қазақ халқы өзін адам қатарында санамаған деген ой айтады.

Қазақ қаншама жылдар бойы, 100 жылдан астам деп отырмыз ғой. Өзін адам қатарына санамаған – дейді ол.


Психолог мамандарға мемлекет көңіл бөлмей отыр деп қынжылады Нұргүл Молдабайқызы.
Жақында Арыс оқиғасы болды. Менің бір қынжылғаным – соншама халық зардап шегіп жатты. Сол жерде әрбір мектепте жұмыс істеген Қазақстан психологтар одағының психологтары тегін көмектесті. Қолынан ұстап, аяғын басып отырды. Осылай әупірімдеп алып қалды. Психологтар көмектеспегенде мемлекет көретінді көретін еді... Бірақ, жаңа жыл болған кезде мен ойладым, "ойпырым-ай, осы психологтарға болмағанда мақтау қағазын бере ме екен?" деп. Бірақ, ондайды құлағым шалған жоқ – дейді психолог-маман.

Бөлісу:

Фото: BAQ.KZ