Нұрділдә Ораз полицияның іс-әрекетіне қандай шағымдар түскенін айтты

24 Қаңтар 2022, 11:29
2241
Бөлісу:
Нұрділдә Ораз полицияның іс-әрекетіне қандай шағымдар түскенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифинг барысында айтты. 

Ішкі істер министрлігінің сенім телефоны ауқымды мәселелер бойынша халықпен тұрақты кері байланыс орнату арнасына айналды. 17 қаңтарынан 23 қаңтарына дейінгі уақыт аралығында 544 хабарлама, оның ішінде 448-і консультативтік-анықтамалық сипатта келіп түсті. Олардың әрқайсысы бойынша түсініктемелер, ұсыныстар, сондай-ақ мән-жайларды шешу бойынша нұсқаулар берілген, - деді ол. 

Нұрділдә Ораз полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қандай шағымдар түскенін айтты. 

Азаматтарды ұстау және жеткізу бойынша 46 факті, оның ішінде ұсталған туыстарын іздеуге 18 өтініш түсті. Әрбір өтініш берушіге ұстаудың себептері, бұзушылықтың сипаты және олармен байланысуға болатын қамауда ұстау орындары түсіндіріледі. Ұялы телефондарды тексерудің 28 фактісі бар. Барлық телефон  Қылмыстық кодекстің 255 (терроризм актісі), 269 (ғимараттар мен құрылыстарға шабуыл), 272 (тәртіпсіздік) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары аясында алынғаны анықталды. Өтініш берушілерге уәкілетті тексеруден кейін олардың мүліктері қайтарылатыны хабарланды, - дейді Ораз. 

Ресми өкіл атағандай, жоғарыда аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ішкі істер министрлігі азаматтарымызға қатысты дене күшін қолдану фактілеріне қатаң әрекет етуде. Әрбір факті полиция ғимараттары мен қоғамдық орындарда орнатылған бейнекамераларды талдау арқылы мұқият зерделенеді. «Ішкі істер министрлігінің сенім телефонына» келіп түскен хабарламаларды қараудың ең ұзақ мерзімі 3-6 сағаттан аспайды. Тексеру уақытын талап ететін жекелеген мәселелер бойынша азаматтарға тіркеу бойынша қабылданған бірінші кезектегі шаралар, сондай-ақ хабарламаны тексеру нәтижелері туралы хабарлаудың мерзімдері туралы хабарланады, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы